Биылғы Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша екі бірдей кітап таңдалынып  алынды. Әбділда. Тәжібаевтің лирикалық өлеңдері мен Ә. Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» кітаптарын жыл бойы насихаталатын болады.

Акцияның мақсаты – Оқырмандарға Ә. Тәжібаевтің шығармаларын насихаттау, оқырмандардың қоғамға деген көзқарасын айқындау, бағыт – бағдар беру. Кітапты оқуға деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.  

Қазақ әдебиетінің бай қазынасы өзіне тән өрнекті сөз, өрелі туынды қалдырып, орасан зор шығармашылық, ерен еңбегімен елеулі үлес қосқан халық жазушысы ақын, драматург қаламгерлеріміздің бірі Әбділда Тәжібаев екені баршамызға аян. «Ақынын ардақтаған елі азбайды» деген. Біз дуалы ауыз ақынын төбесіне қойып әлпештеп, құрмет тұтқан елміз. Осы мақсатта Аманкелді аудандық орталық кітапханада «Жүректен жеткен жырлар» атты тақырыпта әдеби кеш өтті.  «Бір ел – бір кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Кеште ақынның өмірбаяны мен еңбек жолына кең көлемде тоқталып, мәнерлеп оқудан оқушылар көрермен ықыласына бөленді.