«Тәуелсіздік жыршысы»

ақын, жазушы Хамитбек Мұсабаевтың 65 жасқа толған мерейлі мерейтойына арналған  кездесу кеші

Амангелді аудандық орталық кітапханда ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Қазына сыйлығының», «Жігер», «Елім менің» фестивальдарының лауреаты, Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының «Құрметті қажы» атағының иегері,  «Амангелді арайы» газетінің бас редакторы Мұсабаев Хамитбек Қуандықұлының 65 жасқа толу мерейтойына арналған «Тәуелсіздік жыршысы» атты кездесу кеші болып өтті. Кешті Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Қабдыхамитов Ерназ  «Хамитбек Мұсабаевқа арнау» өлеңімен ашты.

Кеш қонақтары ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Дауылбай, Амангелді ауданы бойынша «Нұр Отан» ХДРП-ң төрағасының орынбасары Н.Әбдіғали, ұстаз-зейнеткер А.Төлегенов, зейнеткерлер Т.Құтжанова,  Ж.Олжағұлова, Б.Нұрғожин, спорт мектебінің директоры Н.Әбдіхалықов ақынға жылы лебіздерін білдірді. Кеште Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінің әншісі О.Махмутов  ақынның сөзіне жазылған «Арайлы Амангелді» әнін орындады.  Сонымен қатар Амангелді орта мектебінің 7-сынып оқушылары ақынның өлеңдерінен, поэмаларынан үзінді оқыды және оқушылар ақынға бірнеше  сұрақтар қойды. Сондай-ақ журналист туралы «Жаназық» атты бейне көрсетілімді тамашалады. Кітапхананың  өлкетану бөлімінің ақынға арнаған «Журналист Хамитбек Мұсабаев», «Сұңғыла жырлар, жампоз жырлар», «Ақын Хамитбек Мұсабаев» атты тақырыптарда деректі материалдардан және  ақынның жеткен жетістіктері мен алған марапаттары, кітаптары туралы көрме жасалып таныстырылды. 

Кеш соңында Хамитбек Қуандықұлы оқырмандарға, келген қонақтарға  алғысын білдіріп кітапханаға өзінің «Наркескен» кітабының бірнеше данасын сыйға тартты. Кітапхана ұжымының атынан ақынға естелік сыйлық тапсырылды.

 

Р.Алмағамбетова

Аудандық орталық

кітапхана қызметкері