Спорт – дене мәдениетінің бір бөлігі болып саналады. Материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы ретінде қоғамда адамдардың ойының дене әрекеті үшін жүйелі, арнайы бағытталған қозғалыс. Осы орайда аудандық орталық кітапхананың библиография бөлімі Е.Сейкенов атындағы спорт  кешенінде «Белсенді өмір жүз жылдық ғұмыр» атты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру,  адам жанының да тәнінің де тазалығы, денсаулықтың нығаюы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Кітапхананың библиографы Рая Алмағамбетова оқушыларға спорт мектебінің жетістіктерін  таныстырып, «Ауданнан шыққан үздік спорт саңлақтары», «Ардагерлер мақтанышымыз», «Үздік спортшылар», «Біздің жетістіктеріміз», «Халықтың денсаулығы ел байлығы» атты көрмелерін таныстырып өтті.

Сонымен қатар спорт мектебі директорының орынбасары Әлғожин Тимур оқушыларға футбол, дзю-до, бокс, қазақша күрес, т.б. спорт түрлерін және спорт шеберлерінің жетістіктерін осы спорт мектебіндегі қазіргі таңдағы биіктерден көрініп жүрген жасөспірім спортшыларды таныстырды. Алдағы уақытта спорт мектебінде тағы да басқа спорт түрлерін дамытуда жұмыстар жасалып жатқаны туралы айтып өтті.

 Сондай-ақ спорт мектебінің бапкерлері: Оспанов Ербол, Мейрамов Әзиз, Қайырбеков Қуанышбек, Аханов Жәнібек және Сабыров Бақтілеу (спорт шеберіне үміткер) мектеп оқушыларына жасөспірім спортшылардың  шеберліктерін көрсетті.

Спорт мектебінің директоры Нұрлыбек Еренғайыпұлы оқушыларды спортпен шұғылдануға, ауданның спортын  дамытуға үлес қосуға шақырды.

Ауданымыздың, облысымыздың, республикамыздың  атын шығаратын спортшыларымызбен мақтанайық. 

Аубакирова А.

Аудандық орталық кітапхананың

библиографы