Қазақ жерінде Ислам дінін уағыздаушылардың бірі болған, Қыпышақ тайпасының өкілі, дін қайраткері, Ташкент пен Бұхара медреселерін тәмамдаған, жастайыннан жетім өскен, қырық жылдай ағартушылық ғұмырын қасиетті Қазығұрт, Шыршық, Ташкент, ұлы әулие Қожа Ахмет Иассауидің ата – бабалары, әз – әулиелер жатқан сайрамда өткізген, Сайрам Қарауыл оба мекені, Оңтүстік Қазақстан облысы, Батпаққара Торғай облысы елдерінде мешіттер салдырып медреселер ашқан, мұсылманшылықты насихаттаған Файзолла Сатыбалдыұлының қиын тағдыры мен тағылымға толы өмір жолынан сыр шерту.

«рухани жаңғыру» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, өлең құдіреті арқылы қоғам және дін қайраткері Файзолла Сатыбалдыұлының 135 жыл толуына орай Қ. Әбенов атындағы мәдениет үйінде Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Қажы, молда, имамдары аймақтың – ақ жолына қызмет етті Аллаһтың! атты жыр мүшайрасы ұйымдастырылды. Мүшайра бастамас бұрын Файзолла бабаның шөбересі Зияуйтденов Рамазан Сұлтанұлының «Көкірегім - Алтын көмбе» атты жаңа кітабының  тұсау кесері өткізілді. Ақын кітаптары кітапханаларға берілді. Естелік кітаптың тұсауын ҚР- ның мәдениет қызметкері, Амангелді ауданның құрметті азаматы компазитор Айтбай Мұздаханов және Файзолла Сатыбалдыұлының ұрпағы Әскербек қажы Нұриденұлы кесті. Мүшайраға ауданымыздың жоғары сынып оқушылары барлығы 16 бала қатынасты.

Мүшайраның негізгі мақсаты;

Өскелең ұрпаққа діни тәрбие беру, дінді уағыздау арқылы оқушыларды тазалыққа, имандылыққа, әдептілікке тәрбилеу. Жастар арасында мәнерлеп оқуды насихаттау, оқу шеберлігін анықтау.

Мүшайраны Айтыскер ақын облыстық шабыт сыйлығынның иегері Балтазар Ізтілеуов  сүгірдің термесі нақышына келтіріп ашты. Төрелік жасаған әділқазылар шешімі бойынша бас жүлдені жеңіп алған Хайролла Талшын Үрпек ауылы. I- орынды Тілеубай Ернар Байғабыл ауылы II- орынды Ы. Алтынсарин орта мектебінің оқушысы Сабыров Бағдат, Ә. Боранбаев орта мектебі Анасова Ажар ие болса, III -  орынды Б. Қолдасбаев орта мектебінің оқушысы Байділдин Лаура, Оспанов Әли, Жақсылық Әлшер, өзара бөлісті. Жүлделі орындарға арнайы дипломдармен және ақшалай сыйақы табысталды. Мүшайраға әнші А. Сейдахметов ақын жырларын нақышына келтіре орындап көрермендерді бір серпілтіп тастады. Кешке қатысқан көрермендер ақын аруағына тағызым етіп, ризашылықпен тарасты.