1 қазан 2018 жылы Үрпек ауылдық округінде «Құлан» тойханасында ауыл және елді мекен қарияларына арнап мерекелік дастархан жайылды.
Қосжан, Ағаштыкөл, Қарашатөбе елді мекен қариялары да қатысты. Мерекелік іс шара барысында ауыл әкімі Жақыбаев Ғалымжан Тұрлығұлұлы ауданымыздың ауыл қариялары Әбдікадыр Назар әкеге, Несібелді Бірәліқызы Қожабаеваға және ауылдық кітапханаға ауданымыздың 90 жылдығына орай шығарылған кітап және медалін табыстады. Ауыл кітапханашысы М.Т.Нұржанова ауыл қарияларына арнап фото-көрме әзірледі. Қарттар күніне демеушілік көрсеткен Оралбаев Өсербай және Мұқышева Канымша. Мерекелік кешті биыл зейнет жасына шыққан жерлес ақын, ұлағатты ұстаз Жұмабеков Серік Үмбетұлы жүргізді. Ауыл қариялары мектеп мұғалімі Байкенов Жанкелді және клуб меңгерушісі Жұмаганбетова Айгүлдің дайындаған мерекелік концертін тамашалады. Балахметов Серікболсын, Сақан Айгерім, қыздар тобы, Балахмет Жанбек және Өмірхан Сағдат ауыл қарияларына ән шашу арнады.
Үрпек ауылдық округінің кітапханашысы
Нұржанова Майраш Тұргынбайқызы





























