Биыл Астана қаласына –мерейлі 20 жыл толғалы отыр. Астана – Қазақ елі болашағының каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы.
Осы айтулы мерекені атап өтуге Амангелді аудандық орталық кітапханасы да өз үлесін қосуда. «Астана-түркі әлемінің Елордасы» атты әдеби –сазды кеш ұйымдастырылып,Астананың құрылу тарихынан бастап, бүгінгі күндегі жарқын келбеті жайлы айтылды. Кеш барысында мектеп оқушылары дайындаған Астана жайлы жырлар оқылды.Амангелді орта мектебінің оқушысы, аудан мақтанышы Есетова Ғанибеттің орындауындағы « Астана» әні жақсы көңіл-күй сыйлады. Кеш соңында «Қаражорға» биіне флешмоб ұйымдастырылып , келген оқырмандар өздерінің Астанаға деген ыстық ықыластарымен бөлісті.
Сонымен қатар «Асқақтай бер,Астана!» атты суретті-кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.
«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана». Бүгін біз осындай қасиетті сөздерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Олай болса, құрметті қазақ елі, баршамыздың ортақ астанамыз-Астана қаласының 20жылдық мерекесі құтты болсын!
Амангелді аудандық орталық
кітапхана қызметкері
Г.Қалмағанбетова































