Сайын Сарыарқа төсінде Қазақ елінің тәуелсіздігінің нышаны іспеттес әсем қаламыз Астананың бой көтергеніне 20 жыл толғалы отыр. Елбасымыз Н. Назарбаев 2017 жылдың 27 қыркүйек күні Астанақаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы Өкімге кол қойып, "Ел жүрегі - Астана" атты елорданың жиырма жылдығын тойлау тұжырымдамасын бекітті. Тұжырымдама бойынша шаралар жыл бойы өтетін болады. Қалай болғанда да, осы уақыт өлшемінің ішінде Қазақстан халқының ерен еңбегінің нәтижесінде әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарастырып, көркімен де, көлемімен де бой таластыра алатын қазақ жұртының жас та бас қаласы қалыптасты. Осыдан тура 24 жыл бұрын астананы ауыстыру идеясы алғаш жария етілгенде, бұл тым «ұшқары» пікірдің қаптаған қарсыластары түгіл, ат төбеліндей жақтастары да айналасы 20 жылдың ішінде ел кіндігі – Арқа төсінде осындай заманауи мегаполис бой көтереді деп ойламаған еді.

Міне осы айтулы мерекеге орай бүгін аудандық орталық балалар  кітапханада"Ұлы дала төсінде асем –Астана " атты тасқа сурет салу сайсын өткізді.  Сайысқа ауданымыздың  «Жұпар» және «Балдырған» балабақшалары қатысып, есем астанамыздың бинесін өз ойларымен  тасқа салу арқылы жеткізді. Соныме қатар  бүлдіршіндер әсем әндер шырқалып, «Асем астанаға – 20 жыл» аты флещ мооб биледик. Шара өте қызықты көнілді өтті. Сайыстын нәтижесі бойынша бас жүлдені «Балдырған» балабақшасынан келген- Балтабай Кәусәр иеленді, 1 орынды  «Балдырған » балабақшасынан келген Рамазан Арнұр мен «Жұпар» балабақшасынан келген-Ерік Айару иен Ахмедия Еркеназ иеленді. 2 орынды «Балдырған » балабақшасынан келген –Шәмшиденова Інжу иленсе «Жұпар» балабақшасынан келген –Аділханова назерке меленді , 3 орынды Уадетпек Айлуна мен Сайлау Фариза және Ділмұхамбетқызы Анел иеленді. Сайысқа қатысқан барлық қатысушы бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталып марапатталды.

Астана – Қазақстан тәуелсіз­дігінің тұғыры. Еліміздің елордасы Ақмолаға қоныс аударғаннан бергі өткен 20 жыл мемлекетіміздің қауіпсіздігін, геосаяси еркіндігін, территориясының мызғымастай беріктігін, ел экономикасының қарқынды даму стратегиясын қамтамасыз еткен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бетбұрыс кезең болып табылады. Жиырма жыл ішінде Астана Қазақстанның шынайы тәуелсіздігі мен егемендігін паш еткен мемлекеттік орталық болып танылды. Болашақта да елдіктің ерен елордасы – Астанада ғасырлар бойы Қазақстан халқының азат ойы мен мүдделері, асқақ арманы мен мақсаттары іс жүзіне асырыла беретін болады.

Мусабаева Зарина Амантайқызы

Қостанай облысы, Амангелді ауданы

Аудандық орталық балалр кітапханасы