Асық ойыны — қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі-де, құралы да — асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі. Тіліміздегі, қой асығы демеңіз, қолайыңа жақсақа ғой немесе асығы алшысынан түсті., бүге-шігесіне дейін анықтау.. Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген жасты: алтын асықтай немесе киіктің асығындай шымыр деп атайтын үрдіс бар.

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт-ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Иә, қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын.Жаздың бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні-халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап өтеді.  Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы дәстүр бойынша   5 жасар ер балалар арасында өтетін «Алтын сақа» сайысыда өз деңгейінде атап өтілді. Сайысқа ауданымыздың  3 балабақшасы мен ауылдық округтардан келген бүлдіршіндер қатысып, 5 кезеңнен тұратын «Тегін білу, тектілік» (Сұлтандар өздерін таныстыр), «Шебер қолдар» (Қамшы өру), «Өнерлінің өрісі кең» (Өз өнерін көрсету), «Ер бойында жарасар сәндік киім» (Киім үлгісін көрсету), «Алтын сақа» (Асықты көздеп ату) сайыста бүлдіршіндер өздерін бар қырларын жақсы көрсете білді.  Сайысқа төрелік еткен қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені «Жұпар» балабақшасынан келген Жұмағанбетов Махамбет иеленді. 1 -орынды  «Қаламқас» балабақшасынан келген Шәмшиден Нұрахмет пен  Қосжан ауылынан келген  Балахмет Жасұлан иеленсе,2 –орынды  «Балдырған» балабақшасынан келген  Шәкіржан Әділжан мен  Байғабыл ауылынан келген Тілеубай Ердос женіп алды. Ал 3- оранды Есір ауылынан келгегн Саматов Ертөре женіп алды. «Алтын сақа» сайысын   өткізу арқылы қазақ халқының ұлттық ойынның дәстүрін бір жаңғыртып алғандаймыз. Байқау қатысушылары да, көрермендері де өткізілген іс-шарадан тағлымды тәрбие алды деген сенімдеміз. «Алтын сақа» сайысында бүлдіршіндерге  демеушілік еткен  «Алфа- Нұр», «Нұр», «Ожан» «Болашақ», «Айко», «Тілектес» сайда үйлеріне және кәсіпкер Карбозова Жақсыбике, Сапина Гүлжан, Аханова Асем, Алтынбаева Салтанат, Рахимова Жанат,   аман-су камуналдық шаруашылық мекемесінің бастығы  Таубаев Қайдар ағайға, Амангелді аудандық орталық кітапхана жүйесіне алғысымыз шексіз. Зарина Мусабаева

                                                                                      Қостанай облысы,Амангелді ауданы

                                                         Аудандық орталық балалар кітапханасы