Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. 1927-1953 жылдардағы ақтандақтар ақиқатын ұмытпау керек. Қазақстанда 1997 жылдан бері 31 мамыр жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді.
Осы орайда аудандық орталық кітапхана қызметкерлері «Ақиқаттың ақ жолы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып шолу жасалды. Көрменің мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және олардың өмір жолдарымен оқырман қауымға тереңірек таныстыру.
Өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа осы кітаптар арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің адал патриоты болуға баулу, саналарына тарихи шындықты жеткізу болып табылады. Быйылғы жыл жаппай саяси қуғын-сүргін жылдарының басталғанына 81 жыл, ал ұлы жұт ашаршылық зұлматына 86 жыл толып отыр.
Тәуелсіз Қазақстанның әр бір азаматы үшін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және есте сақтау қасиетті парызымыз болып табылады
Аманкелді аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы; Алмагамбетова.Р



























