ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы «Болашаққа бағдар :рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласына сәйкес, ел тарихында есте қалған, кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге болған қазақ хандарын, батырларын еске алу, олардың ерліктерін ұрпақ санасына сіңіру нықтап қолға алынды. Осы айтулы мерекеге орай Амангелді аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен терең тарихымызды насихаттау мақсатында қазақ халқының еркіндігі мен тәуелсіздігі жолындағы ең ірі шайқастардың бірі болған Орбұлақ шайқасына -375 жыл толуына орай әңгіме - диалог өтті. Іс – шараға Амангелді орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Баймақов Құрманғазы  мен 8 сынып оқушылары қатысты. Сонымен қатар «Елдіктің даңқын асырған Орбұлақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. 

Бұл шайқастың ашылмаған, зерттелмеген тұстары әлі де жетерлік. Елі үшін, жер үшін талай ғасыр күресіп келген ата-бабаларымыз шайқастың небір түрін көрді. Орбұлақ шайқасы – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиғалардың бірі. Бұл шайқас 1643 жылдың жазында Қазақ хандығының қолын басқарған Жәңгір Хан мен жоңғар қолын басқарған Батыр Қонтайшы арасында өтті. Бұл шайқастың қазақ қоғамы үшін маңызы зор болды. Дәл осы Орбұлақ шайқасы қазақ батырларының ерлігінің, батылдығының, қаһармандығының және әскери шеберлігінің үлгісіне айналды. Әйтсе де, Жәңгір хан ерлігінің артықшылығы байқалады, себебі ол әскери-тактикалық шеберлігінің арқасында 600 қолмен жаудың 50000 әскерін талқандап, ұлы жеңіске қол жеткізді.Бұл әлемдік соғыс тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға. 

Әміржанова М.Е.

Амангелді аудандық орталық

кітапхана қызметкері