1 Наурыз –Алғыс айту күні!
2015 жылдың 14 қаңтар күні Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Яғни, осы жарлыққа сәйкес көктемнің алғашқы күнінде Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтеді.
Алғыс айту күні - қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін және Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Айтулы тақырыпқа орай Амангелді аудандық орталық балалар кітапханада мереке күнгі бағдарламалар «Рахмет!» смайлик сыйлау бастау алып, мереке туралы ақпарат беріліп, ,«Ғажайып сөз, РАХМЕТ!» медиа сабағы мектеп оқушыларымен өтті. Оқушылар өз жылы лебіздерін түрлі-түсті қағазға түсіріп, кітапхана бұрышына іліп кетті.
Біздің, кітапханамызға келушілерге, өз білімімен әрқашан бөлісуге дайын, кітапты сүйіп оқитын оқырмандарымызға алғысымыз шексіз!
Зарина Мусабаева
Амангелді аудандық орталық
балалар кітапханасы.
































