Амангелді ауданында  Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш жолы және тәуелсіздік» тақырыбында өткен ғылыми-практикалық конференцияда  орталық кітапхана «Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!» атты суретті-кітап көрмесін ұйымдастырды.
Бұл көрменің мақсаты - бостандықтың ақ таңы үшін жандарын құрбан еткен, болашақ ұрпақ жолына тәлімді мұра қалдырған алашордалықтардың ұлы істерін және кешегі өткен желтоқсан оқиғасына қатысқан қазақтың қаракөз қыздары мен ұлдарының  ерен ерлігін бүгінгі жас ұрпаққа насихаттау.
Алаш ақиықтарының да, желтоқсан құрбандарының да басты арманы-тәуелсіздік еді. Сол тәуелсіздікке қол жетіп, бүгінде біз әлем таныған мемлекетке айналдық. Қазақ даласының егінді алқабы, көлі,  малға толы өңірі ендігі жерде келешек ұрпаққа мұра боп қала бермек.

Қалмағанбетова Г.Қ.
Амангелді аудандық орталық
кітапханасының қызметкері