Қабырға ауылдық кітапханасында "Кітап - сарқылмас рухани қазына" атты танымдық сағат өтті. Мақсаты: Оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетінін, адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту, кітапты таза ұстауға, тазалыққа, мейірімділікке баулу, тәрбиелеу. Өскелең ұрпақтың рухани дамуына серпін беру, кітаптың адам өміріндегі орнын ұғындыру.