Кітап - ұлттың рухани байлығы,оны құрметтеу - келешекке жасалған қадам. "Кітап - менің досым" 2025 жылдың 23 сәуірінде Үштоғай ауылдық кітапханасында Ұлттық кітап күніне арналған "Кітап - менің досым" атты әдеби - танымдық іс - шара ұйымдастырылды. Шараға кітапхана оқырмандары мен мектеп кітапханашысы Төлегенова Жұлдыз қатысты. Мақсатымыз - жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятып, әдебиетке, білімге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Әдеби - танымдық іс - шара үш бөлімнен құралды. "Кітап туралы не білеміз?" "Ертегіні тап" "Сиқырлы сөре" Оқырмандар кітаптың маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісіп,ертегі мазмұнынан қысқаша үзінді оқылып,сол бойынша ертегінің атауын таба білді. Ерекше тапқырлығымен қатысушы оқырмандар тапсырмаларды орындап,әдебиетке деген білімдерін ортаға салып,кітап оқуға қызығушылықтарын жақсы таныта білді. Үштоғай ауылдық кітапханашысы: Смагулова Үкі Мұсақызы
https://aman-kitaphana.rka.kz/kz/2025-02-19-09-07-33/405-kitap-meni-dosym-atty-debi-tanymdy-is-shara-jymdastyryldy.html#sigFreeId872dbf0609






















