ҚР халықтарының халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылына арналған ХХХVІІІ «Өнеріміз саған Қазақстан!» атты облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы фестивалі Үрпек ауылында болып өтті. 
Ауыл кітапханашысы биылғы жылдың мерейтой иелеріне кітап көрмесін жасап, оқырмандарға таныстырды.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына, Қазақ ақыны, ойшыл, қазақ әдебиетінің негізін қалушы, халық ағартушысы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына, және Қазақстанның халық әртісі, композитор дирижер, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің 110 жылдығына мерейтой иелеріне көрме жасалды. Көрмеде ақын жазушылардың өмірбаяндары, отбасы, шығармашылығы туралы баяндалып, ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларына таныстырылды. 

Үрпек ауылының кітапханашысы
Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы