13 сәуір күні жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай Амантоғай ауылдық кітапханасында «Жалпақ елдің жүрегінде»атты кітап көрмесі ұйымдастырылып оған шолу жасалды. Көрменің мақсаты: жасөспірімдерді жазушының өміріменғ шығармашылығымен таныстыру. Сәбит Мұқанов - қазақ кеңес әдебиетінің негізін қаласқан оның өркендеуі үшін орасан еңбек сіңірген аса көрнекті сөз шебері. Қазақтың әдеби сыны мен әдебиеттану ғылымын өрге сүйреген жауынгер сыншы, парасатты ғұлама. Қазақ әдебиетінің мақтанышы Сәбит Мұқанов өзінің өнегелі де өмірімен шығармаларымен қазақтың жаңа ұрпағына рухани азық беріп, ұрпақтан - ұрпаққа жасай беретін ұлы классик. Көрмеге Сәбит Мұқановтың кітап қорындағы көптеген шығармалары қойылды. Атап айтсақ «Өмір мектебі» романы, «Қазақ қауымы», «Адасқандар», «Ботагөз» және тағы басқа және Қ. Ергөбековтың «Сәбит Мұқанов» кітабы.
https://aman-kitaphana.rka.kz/kz/2025-02-19-09-07-33/400-zhalpa-eldi-zh-reginde.html#sigFreeId3216403c0c






















