Қабырға ауылдық кітапханасында "Дарынды да, дана композитор " Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай бейнеролик назарларыңызға ұсынылады. Мақсаты:Оқушыларға қазақ әншілері, әнші-композиторлары жайлы түсінік беру. Музыка тыңдау, елестету, сезіну, ән айту дағдыларын дамыту. Өнерді сүюге, құрметтей білуге, халық мұрасын сақтап, жалғастыра білуге тәрбиелеу. Композитор Нұрғиса Тілендиевті білмейтін қазақ баласы болар ма?! Ата-бабаларымыз айтқан «Сегіз қырлы, бір сырлы» деген атау Нұрғиса ағамызға арналғандай. Нұрғиса Тілендиев - күйші, ән мен күйді қатар шығара білген ғажап сазгер. Қазақтың халық өнерін әлемге танытуда зор үлесін қосқан «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамбілің дирижері. Композитор атақты «Қыз Жібек» кино фильмін түсіргенде өзінің ғажайып күйімен аққуларды көлге қондырған қасиетті өнер иесі. Ел аузында осы бір оқиға жайлы аңызға айналған бір әңгімені тыңдап көрелік. Әйгілі «Қыз Жібек» кино фильмі түсіріліп жатады. Төлеген мен Жібектің махаббатын бейнелейтіндей, көлде жүзген қос аққудың қосылып келіп сырласқан сәтін түсірмек болады. Қос аққуды алып келіп көлге жібереді. Алайда түрлі жарық түсіретін сәуле аппараттары мен кино камераларды қосқанда қос аққу үркіп екі жаққа ұша жөнеледі. Режиссер не істерін білмей әбігер болады. Сол сәтте Нұрғиса ағаға бір ой келеді. Дыбыс күшейтетін аппараттарды алғызып сол жерде «Аққу» күйін орындай жөнеледі. Күй аяқталғанша қос аққу күйдің сазына елтіп бір-біріне сезім сырын ақтарғандай жұптары жазылмай көлдің бетінде жүзіп жүреді. Осы сәтті пайдаланып, оператарлар тез арада түсіріп те үлгереді. Ал режисер Абдолла Қарсақбаев болса Нұрғиса ағаның мұндай ғажайып өнеріне тәнті болған екен. Осындай ғажап талант иесі Нұрғиса ағаның көптеген әндері халықтың ыстық ықыласына бөленіп, әлі күнге дейін ауыздан түспей шырқалумен келеді. Нұрғиса Тілендиев – (1925-1998) – композитор, дирижер,домбырашы. Алматы облысы, Іле ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі. Оркестрге арналған «Ата толғауы», «Алтын дән», «Махамбет», «Арман», «Аққу» т.б. поэмалары мен «Халық қуанышы», «Қайрат», «Жеңіс салтанаты» атты увертюралары бар. 400-ден астам әндер мен романстардың авторы. 50-ден астам драма спектакльдеріне, 19 көркем фильмге, 17 мультфильмге, 14 деректі хроникалық фильмге музыка жазған. Осындай өнер мен мәдениеттегі еткен еңбеңі үшін Қазақстанның Халық Қаһарманы атағаны ие болған. Н.Тілендиевтің «Сарыжайлау», «Алатау», «Өз елім», «Құстар әні», «Куә бол» т.б. көптеген әндері халыққа кеңінен тараған. Қабырға ауылдық кітапханасында "Дарынды да, дана композитор " Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай бейнеролик назарларыңызға ұсынылады. Мақсаты:Оқушыларға қазақ әншілері, әнші-композиторлары жайлы түсінік беру. Музыка тыңдау, елестету, сезіну, ән айту дағдыларын дамыту. Өнерді сүюге, құрметтей білуге, халық мұрасын сақтап, жалғастыра білуге тәрбиелеу. Композитор Нұрғиса Тілендиевті білмейтін қазақ баласы болар ма?! Ата-бабаларымыз айтқан «Сегіз қырлы, бір сырлы» деген атау Нұрғиса ағамызға арналғандай. Нұрғиса Тілендиев - күйші, ән мен күйді қатар шығара білген ғажап сазгер. Қазақтың халық өнерін әлемге танытуда зор үлесін қосқан «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамбілің дирижері. Композитор атақты «Қыз Жібек» кино фильмін түсіргенде өзінің ғажайып күйімен аққуларды көлге қондырған қасиетті өнер иесі. Ел аузында осы бір оқиға жайлы аңызға айналған бір әңгімені тыңдап көрелік. Әйгілі «Қыз Жібек» кино фильмі түсіріліп жатады. Төлеген мен Жібектің махаббатын бейнелейтіндей, көлде жүзген қос аққудың қосылып келіп сырласқан сәтін түсірмек болады. Қос аққуды алып келіп көлге жібереді. Алайда түрлі жарық түсіретін сәуле аппараттары мен кино камераларды қосқанда қос аққу үркіп екі жаққа ұша жөнеледі. Режиссер не істерін білмей әбігер болады. Сол сәтте Нұрғиса ағаға бір ой келеді. Дыбыс күшейтетін аппараттарды алғызып сол жерде «Аққу» күйін орындай жөнеледі. Күй аяқталғанша қос аққу күйдің сазына елтіп бір-біріне сезім сырын ақтарғандай жұптары жазылмай көлдің бетінде жүзіп жүреді. Осы сәтті пайдаланып, оператарлар тез арада түсіріп те үлгереді. Ал режисер Абдолла Қарсақбаев болса Нұрғиса ағаның мұндай ғажайып өнеріне тәнті болған екен. Осындай ғажап талант иесі Нұрғиса ағаның көптеген әндері халықтың ыстық ықыласына бөленіп, әлі күнге дейін ауыздан түспей шырқалумен келеді. Нұрғиса Тілендиев – (1925-1998) – композитор, дирижер,домбырашы. Алматы облысы, Іле ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі. Оркестрге арналған «Ата толғауы», «Алтын дән», «Махамбет», «Арман», «Аққу» т.б. поэмалары мен «Халық қуанышы», «Қайрат», «Жеңіс салтанаты» атты увертюралары бар. 400-ден астам әндер мен романстардың авторы. 50-ден астам драма спектакльдеріне, 19 көркем фильмге, 17 мультфильмге, 14 деректі хроникалық фильмге музыка жазған. Осындай өнер мен мәдениеттегі еткен еңбеңі үшін Қазақстанның Халық Қаһарманы атағаны ие болған. Н.Тілендиевтің «Сарыжайлау», «Алатау», «Өз елім», «Құстар әні», «Куә бол» т.б. көптеген әндері халыққа кеңінен тараған.