Көктем келер гүлін алып, жаз да келер жырын алып- деп ән мәтінінде айтылғандай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8-наурыз мерекесі келіп жетті. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім-шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі құтты болсын!
Осы мерекеге орай Амантоғай ауылдық кітапханасында «Аналар- асыл жандар!»атты әдеби монтаж өткізілді.
Мақсаты:8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру.Оқушыны ізгілік ,инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.
Іс-шараға қатысқан кітапхана оқырмандары Елеубаев Бекарыс,Қалмағанбет Нұрсұлтан,Мұрат Бекнұр,Жолаушыбаева Жасмин,Абылайхан Маржан,Мұқаш Заттыбек аналар туралы өлең шумақтарын айтты.






















