Құмкешу ауылында 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, мектеп пен әкімшілік,мәдениет үйі және кітапхана ұжымы бірлесіп,аналар мерекесіне арналған  шара өткізілді.

Іс-шараның ашылуында ауылдық округ әкімі А.Исмайлов пен мектеп директоры А.Клышбаева құттықтау сөз сөйлеп,аналар мен қыздарға денсаулық,бақыт және табыс тіледі.Одан кейін оқушылар дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.Бағдарламада әндер,би номерлері және көріністер орындалып,көрермендердің көңілін көтерді.

Ауылымыздағы ардагер аналарға сыйлықтар табыс етілді.Бұл шараның мақсаты-аналар мен қыздардың қоғамдағы орнын бағалап,олардың еңбегін қадірлеу,сондай-ақ оқушыларға ізгілік пен құрмет сезімін ұялату болды.Іс-шара жоғары деңгейде өтіп,қатысушылардың жүрегінде жылы әсер қалдырды.