Көктем келер гүлін алып, жаз да келер жырын алып - деп ән мәтінінде айтылғандай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 - наурыз мерекесі келіп жетті. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім - шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі құтты болсын!
Осы мерекеге орай Амантоғай ауылдық кітапханасында «Аналар - асыл жандар!» атты әдеби монтаж өткізілді.
Мақсаты: 8 - наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру.Оқушыны ізгілік ,инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.
Іс - шараға қатысқан кітапхана оқырмандары Елеубаев Бекарыс, Қалмағанбет Нұрсұлтан, Мұрат Бекнұр, Жолаушыбаева Жасмин, Абылайхан Маржан, Мұқаш Заттыбек аналар туралы өлең шумақтарын айтты.























