"Айналайын анашым" Көктемнің алғашқы мерекелік күндерінің бірі Халықаралық әйелдер күніне орай Үштоғай ауылдық кітапханасында "Айналайын анашым" тақырыбында мектеп оқушылырының қатысуымен тәрбиелік танымдық сағаты ұйымдастырылды. Бұл танымдық сағаттың мақсаты - ана мен баланың арасындағы мейірімділік, сүйіспеншілік пен құрметті нығайту. Балаларға ананың адам өміріндегі рөлі мен маңыздылығы туралы түсіндіру. Әр бала анасы туралы, оның еңбекқорлығы, қамқорлығы туралы әңгімелеп бере отырып, ақын жазушылардың ана туралы өлең жырларын жатқа мәнерлеп айтып берді. Кітапханашы балалардың анаға деген сыйластық, құрметін көрсету туралы кеңестерді түсіндіріп, балаларға ана туралы кез келген сұрақтар қойды және мақал мәтелдің жалғасын тауып, сұрақтарға жауап беру арқылы балалардың анаға деген махаббаты мен құрметінің сезімдері ерекше байқалды. Танымдық сағат барысында балалар ана туралы терең ойлар мен сезімдерді білдіріп, ананың құндылығын ұғынып, анаға деген сыйластық пен мейірімділіктерін жақсы таныта білді. Үштоғай ауылдық кітапханашысы: Смагулова Үкі Мұсақызы
https://aman-kitaphana.rka.kz/kz/2025-02-19-09-07-33/386-ajnalajyn-anashym-k-ktemni-al-ash-y-merekelik-k-nderi.html#sigFreeId129d894703






















