Амангелді аудандық орталық кітапханасының оқу залында 8 - ші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Арулар - асыл жандар» атты мерекелік кеш өтті. Кеш көп балалы жас аналарға арналды. Кеш қонақтары 7 - баланың анасы Мұқанова Ләйлә Жаңабайқызы. 6 - баланың анасы Магзумова Марал Далабайқызы және 5 - баланы тәрбиелеп отырған ана Төлебаева Толғанай Ерханқызы қатысты. Өздерінің отбасы, бала тәрбиесі жайында әңгіме өрбітті. Сапар Аяла «Васток» биін билеп берді. Балалары өнерлі. Ситуациялық сұрақтар қойылып пікір алмасты. Әнші қызымыз Ықылас Асылтас пен Сымбат орындауында «Ана» әні айтылды. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерлері көп болды. Соның ішінде Русланқызы Қаракөзайым «Испан» биін билеп берді. Кітапханамыздың басшысы Көркем Амантайқызы құттықтау сөзін сөйлеп, аналарымызға сый сыйапаттарын тарту етті. Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халықмыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да,ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана - барлық өмірдің бастауы. Барша әйел қауымын мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз.
https://aman-kitaphana.rka.kz/kz/2025-02-19-09-07-33/385-arular-asyl-zhandar-atty-merekelik-kesh-tti.html#sigFreeId80f0e6a730






















