Алғыс айту - жүректен шыққан шынайы ризашылық пен мейірімділік белгісі. Бұл күн - жақсылық жасаған жандарға алғыс білдіріп, өміріміздегі игі істерді бағалайтын ерекше сәт. Бүгін біз ата - анамызға, ұстаздарымызға, достарымызға және бізге қолдау көрсеткен барлық жандарға шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Күнделікті өмірімізде бізге шабыт беретін, жол көрсететін, қиын сәттерде жәрдемдесетін адамдар аз емес. Олардың жақсылығын елеусіз қалдырмай, жүрекжарды алғысымызды айту - адамгершіліктің белгісі. Осы мерекеде әрбір жүректі ризашылық сезімі кернегенін қалаймыз. Бір - бірімізге мейірім танытып, жақсылық жасаудан жалықпайық!
Алғысымыз шексіз, көңіліміз кең болсын!






















