1 наурыз - Алғыс айту күні қарсаңында Байғабыл ауылдық кітапханасы «Алғыс айту - парызым» атты 1 - сынып оқушыларына тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Алғыс айтудың адам бойындағы асыл қасиет екенін насихаттау; Бір - біріне құрмет көрсету мәдениетін қалыптастыру; Жақсылыққа ризашылық білдірудің маңыздылығын түсіндіру; 1 наурыз - Қазақстандағы Алғыс айту күні.Бұл мереке түрлі этнос өкілдерінің қазақ халқына алғысын білдіру күні ғана емес, сонымен қатар адамдардың бір - біріне деген ізгі ниетін, құрметін, ризашылығын білдіретін ерекше күн. Алғыс айту - жүректен шыққан жылы сөз ғана емес, адамдар арасындағы сыйластық пен құрметтің белгісі. Бір ауыз алғыс айту - мейірімділікті, татулықты арттырады. Алғыс айту - жүректен шыққан жылы сөз, жанға шуақ сыйлайтын ізгі әрекет. Бүгінгі күн жақсылыққа жақын болуға, айналаға ризашылықпен қарауға шақырады. Алғыс - мейірімділіктің, сыйластықтың ізгіліктің көрінісі. Шынайы алғыс - жүректен шыққан ең әдемі сөз. Айналамызға жақсылық пен жылыулық сыйлап, ризашылықымызды білдіруден жалықпайық.