Құмкешу ауылдық кітапханасында «Қазақстан Ассамблеясына 30 жыл» толуына орай оқырмандармен ақпараттық сағат өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.Іс шара барысында оқырмандар сұрақтарға жауап беріп,мақал-мәтелдердің жалғасын тапты.
Қорытындылай келе біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы - Қазақстан халқының ортақ тарихы. Ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті Ұлы Дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айнала білді. «Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйырады», деген дана бабаларымыз. Сондықтан да атқаратын игілікті істеріміз халқымыздың болашағын бірлігіміз бен берік етсін.
Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі әрбір этностың мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік. Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастырушы институт ретінде қалыптасып болды деп есептеуге толық негіз бар. Ассамблея Қазақстан азаматтарын отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту ісіне өлшеусіз үлесін қосып келеді.
- Қазақстан халқы Ассамблеясы - ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты.
Ассамблея - мемлекеттік органдардың халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етуші ұйым. «Дамудың сыры - бірлікте, Табыстың сыры - тірлікте». Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар - сол шаңыраққа шаншылған уықтар.
- Ортақ ордамыз - Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру - елдік мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050» Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз - ортақ, тілегіміз - бір, мақсатымыз - жалғыз. Ол - жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан!
https://aman-kitaphana.rka.kz/kz/2025-02-19-09-07-33/381-aza-stan-assambleyasyna-30-zhyl.html#sigFreeIdf111a16817






















