Бүгін Алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз...» тақырыбында Ж.Сабыржанұлы атындағы негізгі орта мектебінің ұстаздарын алғыс айту күнімен құттықтадым. Қазақ кең болсаң, кем болмайсың деген әрқашан. Сол мінездің арқасында өзінің ғана емес, өзгенің де көңілін тауып, кішпейілділік, кешірімді болу, алғыс айта білу секілді қасиеттер де бойымызға дарыған. Сондықтан, көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесінде ең алдымен айналамыздағы адамдармен жақын болуымыз керек. Кешірімді болған кішірейіп қалмайды дейді елбасы. Яғни, кез-келген қысылтаяң шақта ел ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты бекемдей біліп, ұлт пен ұлыстар арасындағы ынтымақтастықты нығайту арқылы межелеген мақсаттарымызға жету маңызды. Кезінде бауыр басып, қанатын Қазақстанда қатайтқан отандастарымызбен бірге шаңырағымызды биіктетіп, керегемізді кеңейту әрқайсымыздың міндетіміз. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Баршаларыңызға бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғыс айтамыз!
https://aman-kitaphana.rka.kz/kz/2025-02-19-09-07-33/379-al-ysym-sheksiz-2.html#sigFreeIdd03a11d97b






















