«Алғысым айтар көп менің» алғыс айту күніне орай ауыл халқына алғыс айту
Қазақта «Алтын алма- алғыс ал», «Алтын жер сыйы, алғыс ел сыйы» деген нақыл сөз бар. Алғыс айту –бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен өзара сенімділік барлық адамдардың бір біріне деген құрметтің орнығуына негіз болатын идея.
1 наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн- барлық этностардың бір біріне мейірбандық танытып, өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні деп атап өтуге тиіс болатын. Ауылымызда түрлі этнос өкілдері тұрмаса да, алғыс айтуға тұрарлық елге қызмет жасап жатқан, көзге көрінбейтін қарапайым адамдар бар.
Осы мақсатта Үрпек ауылының кітапханашысы және клуб меңгерушісі өз жұмыстарын адал атқарып жүрген бір топ адамдарға өз алғыстарын білдіріп, сыйлық ұсынды. Ауыл әкімі Ғалымжан Тұрлығұлұлына, түрлі іс шараларды бірге атқарып жүрген мектеп кітапханашысы Алимова Тоты Биахметқызы, тәрбие ісінің орынбасары Әбілбаева Нұргүл Жомартқызы, мектеп аспазшысы Тыныбаева Гүлім, «Қарақат» сауда үйінің сатушысы Шайкенова Камшат, бастауыш сынып мұғалімі Көшекова Гүлмира, көше қарын тазалап, туған ауылына көмек қолын созып жатқан, ауыл жанашыры Қоңқышұлы Мейрам, күні- түні елге қызмет жасап жатқан, ауыл медбикелері Әбдіхалықова Ғалия, Нұржанова Айдана, Кәкімжанова Айгүл, жас маман Қуанышов Жандос, әкімшілік қызметкері, Тілепбергенова Перизат, іс шаралардың басы қасында жүріп, үнемі көмек қолын созатын, музыкамен әрлеуші, зейнеткер Байкенов Жангелді ағайға өз алғысымызды білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледік.
Алғыс айту-жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет, қарапайым адамгершілік парыз. Алғыс айта білген адам, алғыс арқалай алады.
Үрпек ауылының кітапханашысы
Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы






















