Халыхаралық дауыстап күніне арналған «10-шы аймақ оқиды»атты акция аясында Байғабыл ауылдық кітапханашысы:7-сынып оқушыларымен «Желбіре жеңіс жалауы» атты соғыс туралы жазушылардың кітаптарынан кітап көрмесі жасалып шолу жасалды.

Көрменің мақсаты: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту,елін жерін,тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

2025 жылдың 9 мамырында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығы аталып өтеді – бұл халықтардың ерлігі, батырлығы және бірлігін мәңгі есте қалдыратын тарихи дата. Қазақстан Жеңіске баға жетпес үлес қосты: 1941-1945 жылдар аралығындағыҰлы Отан соғысына 35млн адам,соның ішінде 1,5млн қазақстандық майданға аттанып, олардың 600 мыңнан астамы оралмады..Бұл республика халқының 18бен 50жас аралығындағы ересектердің 70пайызы .Ұрыстың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты.Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап,Украина мен Беларусті,Прибалтика Молдаваны азат етуге атсалысты,Берлин шаблуына қатысты. Оңдаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса,бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды ,төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.Өкінішке орай ,ауданымызда бүгінгі таңда бір де бір Ұлы Отан соғысы ардагері қалмады.Бірақ ,ардагерлеріміздің есімі санамыздан мәңгі өшпес емес.Біз бүгінгі ұрпақтар майданда от кешкен ата -бабаларымыздың алдында қарыздармыз.