Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясына - 30 жыл. Алғыс айту күні – бұл елімізде татулық пен бірлікті нығайту, әр түрлі этностар мен ұлттардың мәдениеттерін құрметтеу және өзара түсіністік пен бейбітшілікті сақтау мақсатында Үштоғай ауылдық кітапханасында "Алғыс айту парызым" және "Қазақстан халық Ассамблеясы - татулық пен бірліктің кепілі" тақырыбында кітапхана оқырмандарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Бұл мереке әрбір қазақстандықтың жүрегінде бірлікке деген сезімді арттырып, еліміздегі көпұлтты қоғамның ынтымақтастығы мен бейбіт өмірін бағалауға мүмкіндік береді. Ассамблеяның басты мақсаты – ұлттардың мәдени, тілдік және діни ерекшеліктеріне қарамастан, Қазақстан халқын ортақ мақсатқа ұмтылдыру, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтап, барлық этностар мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайту. Алғыс айту күні мен Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойы еліміз үшін зор маңызға ие. Бұл мерекелер еліміздегі әрбір азаматтың бірлігі мен бейбіт өмірін, сондай-ақ әртүрлі мәдениеттердің өзара құрметі мен ынтымақтастығын білдіреді. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын әрі қарай жалғастырып, елімізді ортақ мақсатқа қарай жетелеу – біздің басты міндетіміз. Алғыс айту- адамгершіліктің белгісі.Бір- бірімізге әрдайым ризашылығымызды білдіріп, жақсылық жасайық! Үштоғай ауылдық кітапханашысы: Смагулова Үкі Мұсақызы.
https://aman-kitaphana.rka.kz/kz/2025-02-19-09-07-33/373-al-ys-ajtu-k-ni-zh-ne-aza-stan-khal-y-assambleyasyna-30-zhyl.html#sigFreeIdf48bd7a56b






















