1 наурыз Алғыс айту күні мерекесі. Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні - Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы - еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын мереке.
Осы мерекеге орай Амантоғай ауылдық кітапханасында«Алғыс айту - парызым!» атты тәрбиелік іс - шарасы өтті.
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Іс - шарада оқушыларға алғыс туралы ақпарат мәліметтер берілді.
Олар өз кезегінде кімге алғыс айтар едің деген тақырыпта өз ойларымен бөлісіп, асқар тау әкелеріне, аяулы аналарына, ұлағатты ұстаздарына, ата - әжелеріне алғыстарын айтты.
Амантоғай ауылдық кітапханашысы: Қойжігітова Айнұр Теміржанқызы.
























