Биыл 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Бұл ұйым 1995 жылы еліміздегі этносаралық келісім мен татулықты сақтау мен нығайту үшін құрылған еді. 

Амантоғай ауылдық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына байланысты «Ассамблея - татулық темірқазығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге қазақ халқының қонақжайлылығы, ұлтаралық келісім тақырыптарын ашатын, бірыңғай шаңырақ астында өмір сүретін халықтардың мәдениеті мен дәстүрлері туралы кітаптар ұсынылды.

Келушілер Ассамблеяның тарихы, қызметі және маңызы туралы баяндайтын кітаптармен танысты.

Амантоғай ауылдық кітапханашысы:Қойжігітова Айнұр Теміржанқызы.