Амантоғай ауылдық кітапханасында ұлы ғұлама, энциклопедист,түркі,ислам филофиясының жарық жұлдызы, әлем филофиясының заңғар тұлғаларының бірі Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1155 жылдығына орай «Әл Фараби-шығыстың ғұлама ғалымы!» атты тарихи-танымдық сағат өткізіліп, «Әл-Фараби ғибраты» атты кітап көрмеге шолу жасалды. Іс-шараға кітапхана оқырмандары, Амантоғай жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты.

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келген. Әл –Фараби-көрнекті ойшыл,өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым,философ және шығыс аристотелизмнің ең ірі өкілі.Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында «Екінші ұстаз» атауына ие болды.Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор, 200 –ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар,ал оның айналысқан ғылыми салалары ол- философия мен логика,саясат пен этика,музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» деп аталады.Оның атақты «Музыка туралы үлкен кітап»деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ.Әл-Фарабидің мемлекет,ел басқару жөніндегі тұжырымдары,әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды.

Бабалар ұлағатына құлақ асайық! Бабалар ұлағатын жүрегімізге жеткізейік!

Амантоғай ауылдық кітапханашысы : Қойжігітова Айнұр Теміржанқызы.