«Қазақ журналистикасының ардагері, профессор Әбілфайыз Ыдырысовтың 95 жылдық мерейтойына орай Амантоғай ауылдық кітапханасында «Әбілфайыз Ыдырысов - журналистиканың қара нары»атты шығармашылық көрме ұйымдастырылып, оған шолу жасалды.
Ғибратты ғұмыры келешек ұрпаққа өнеге болатын қазақтың қабырғалы қаламгері, белгілі журналист, ұлағатты ұстаз Әбілфайыз Ыдырысовтың қазақ халқына сіңірген еңбегі айрықша зор. Жазушы, журналист, педагог, тарих ғылымдарының кандидаты Әбілфайыз Ыдырысов 1930 жылы 23 ақпанда Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Егіндісай ауылында туған.. Өзінің еңбек жолын «Қазақстан пионері» (бүгінгі «Ұлан») газетінің редакциясында әдеби қызметкер ретінде бастап, бас редактор қызметіне дейін көтерілген.
«Сөз қадірін өз қадірім» деп білген абыз 800-ден астам публицистикалық мақала, очерктер, оқулықтар, «Қазақ журналистикасының тарихы», «Очерк журналистика жанры ретінде», «Баспа өнімдерін әсемдеу», тағы басқа да пәндер бойынша әдістемелік құралдар дайындаған. Сондай-ақ, қазақ әдебиетіне «Айжанның ғашығы», «Берік», «Аңсаған менің әнімсің», «Ақсүйек», «Кер бұзаудың өлімі» атты танымы мол, пайымы кең повестерін, "Таңшолпан" атты көркем романын алып келді.
Әбілфайыз Ыдырысовтың өмірі мен еңбек жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.
Амантоғай ауылдық кітапханашысы: Қойжігітова Айнұр Теміржанқызы.
https://aman-kitaphana.rka.kz/kz/2025-02-19-09-07-33/365-bilfajyz-ydyrysov-zhurnalistikany-ara-nary.html#sigFreeIdf37fe4a3d1






















