Биылғы жылы біздің елімізде Астана қаласында халықаралық ЕХРО -2017 көрмесінің ашылу салтанатына орай аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Болашақ Энергия» атты тасқа сурет салу сайысы өтті.
Оқушылар ЭКСПО көрмесін өз көзқарастарымен тасқа түсіріп, баяндап берді. Сайыс нәтижесі бойынша 1-орынды Ә.Боранбаев орта мектебінен келген Ерлібек Дидар, 2 -орын –Даулет Әзиза, Махат Динара, 3-орынды Хамитов Ануар, Алмағамбетова Айасыл иеленді. Қатысқан оқушылар марапатталып, сыйлықтар берілді. Сонымен қатар «Көрменің ашылуына дайынбыз» атты флеш-моб ұымдастырылды. Астанадағы көрменің басталуына бірнеше сағаттар қалды. Бүкіл әлем Қазақстан топырағында өтетін тарихи шараның салтанатты ашылуының куәсі болады. Халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Экспо-2017» тақырыбындағы іс-шаралар әрі қарай да өз жалғасын таппақ.
Зарина Мусабаева
Қостанай облысы, Амангелді ауданы
Балалар кітапхананасының меңгерушісі.





























