Аманкелді аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен оқырмандармен демалыс күндерін тиімді өткізу Түрлі әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың, тіл байлығын, ойлау қабілетін, тілге деген шеберліктерін жетілдіру; оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу. мақсатында "Білгірлер" сайысын өткізді. Сайыс 6 кезеңнен тұрды.
1 кезең- таныстыру
2 кезең -дода
3кезең- сөз мәйегі
4кезең -кім жылдам?
5кезең-әріптер сайысы
6кезең- суреттер сөйлейді.
әділқазы алқасының шешімі бойынша екі топ та жылдамдығын, ойлау қабілетін, шапшаңдығын көрсетіп, "Қырандар " тобы жеңіске жетті. Сайыс соңында жеңген топ марапатталып, сыйлықтар берілді.
Қостанай обылысы, Аманкелді ауданы
Аудандық орталық балалар кітапханасының
қызметкері: Исмайлова Таншолпан

































