Бақытжан-қазақтың Дунаевскийі

Р.Абдуллин

Қазақ музыкасының іргетасын қаласқан аға буын композиторлардың бірі - Б.Байқадамовтың туғанына -100 жыл толуына орай Амангелді ауданында ауқымды іс-шаралар аясында орталық кітапхана «Ән-ғұмыр. Б.Байқадамовтың туғанына -100 жыл» атты суретті-кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге хор капелласының негізін қалаушы-Б.Байқадамовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы фотошежірелер, кітапхана қорындағы кітап және мерзімді басылым беттеріндегі әр жылдарда жарияланған мақалалар қойылып, келген қонақтарға таныстырылды.

Жүзжылдық мерейтойы өтіп жатқан биылғы жылы композитордың артында қалған мұраларын халқымен жақынырақ қауыштырып, шығармаларын жастар арасына кеңінен насихатталып жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.