Амангелді аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен медицина қызметкерлерінің күніне орай «Денсаулық - болашақ кепілі» атты аудандық аурухананың жас мамандарымен кездесу кеші өткізілді.
Кешке мектеп оқушылары мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар «Дені саудың жаны сау» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кең көлемде шолу жасалынды.
Көрменің мақсаты - денсаулық адам баласының қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру; оқушылардың салауатты өмір салты туралы ұғымдарын кеңейту, жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу. Кеш барысында медицина қызметкерлерінің әсерлі әңгімелері көрермендерімізге ерекше серпін берді. Кеште мәдениет үйінің әншісі Қонарбаев Абзал қонақтарға ән – шашуын тарту етті.



























