2019 жыл жастар жылына орай Ел ертеңi – бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттау бүгiнде аса маңызды мәселе. Қай елдiң болсын ұлттық ерекшелiктерiнiң сақталып, дамытатын, еңселi ертеңiмен жалғастырар алтын көпiр – кітапхана . Елімізде жастар мәселесіне кеңінен назар аударылып келеді.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған барлық Жолдауларында. 18-29 жас аралығындағы жастар. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты – жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. Аудандық орталық балалар кітапханасының « Рухани жаңғыру – жастарға жарқын жол» атты риясыз кездесуді Аманкелді жалпы білім беретін орта мектебінің 9- сынып оқушаларымен өткізді. Кездесу барысында жалынды жастардың елге, жерге деген патриоттық рухын оятып, жігерін жанитын мысалдар келтіріп, өнегелі пікірлерін ортаға салды. Осылайша, рухани жаңғыру жолына түскен аудан жастары игі шара шеңберінде тағлымы мол, өнегесі өрнекті кездесуге куә болды.
https://aman-kitaphana.rka.kz/kz/novosti-kz/197-%C2%AB%D1%80%D1%83%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B8-%D0%B6%D0%B0%D2%A3%D2%93%D1%8B%D1%80%D1%83-%E2%80%93-%D0%B6%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80%D2%93%D0%B0-%D0%B6%D0%B0%D1%80%D2%9B%D1%8B%D0%BD-%D0%B6%D0%BE%D0%BB%C2%BB.html#sigFreeId415a433a23
Қостанай облысы,Амангелді ауданы
Исмайлова Таңшолпан
Аудандық орталық балалар кітапханасы

























