«Туған жерім»
Туған жер – ауылым алтын бесігім. Оның адам өмірінде алатын орны ерекше, киелі ұғым. Туған жер, туған ел деген екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді. Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – сенің әлпештеген анаң, аялап өсірген әкең, туған-туысың, аға-әпкең, сені білім жолына жетелеген ұстаздарың, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарың дүниеге келген жерің, қызыққа толы өткен балалық шағың, туған ауылың ауласы. Туған жер арқылы еліңнің өткені мен болашағын байланыстыра аласың. Нағыз балалық шақтан бастап адамзаттың отанына деген сезімі оянады. Айтулы тақырыпқа орай Аудандық орталық балалар кітапханасы Амангелді ауданының 90 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында «Туған жерім» тақырыбындағы шығармалар байқауы бастау алған болатын. Іс-шараның мақсаты Елбасымыздың "Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін іске асыру аясында жастар арасында отансүйгіштікті нығайту болып табылады. Байқау аудан деңгейде барлық жалпы білім беру мектептері атсалысты . Оқушылардың шығармалары арнайы құрылған комиссияның шешімімен анықталып,Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Көркем Амантайқызының арнайы дипломдарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Марапаттау барасында кітапхананың оқырманы болуға және кітапхана іс-шараларына ат салысыуға шақырды. Байқау нәтижесі бойынша эссе жазудан Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Аңсағанова Жұлдыз 1 орын иеленсе, 2 орынды Жұмаханова Мадина ие болды. Сонымен қатар жас ақындардың жыр мүшайра кеші өз жалғасын тауып 1 орынды Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебіның оқушысы Айтбаев Ердаулет иеленсе 2 орынды Закенов Нұрхан мен Б. Қолдасбаев орта мектебінің оқушысы Сапабекова Дана иеленді . 3 орынды Қалиасқаров Арсен қанжығасына байлады . Кешке сонымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы 2 сынып оқушылары атсалысып тақпақтарын арнап, өлендерін шырқады.
Зарина Мусабаева
Амангелді ауданы, Қостанай облысы

































