Қазақ халқының батыры,Қазақстанда 1916 жылы өріс алған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы-Аманкелді Үдербайұлы Имановтың туғанына-145 жыл толуына орай аудандық  орталық кітапхана  Аманкелді мемориалдық мұражайымен біріге отырып,ауқымды іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты- қазақ халқы үшін отаршылдыққа қарсы күрескен Амангелді батырдың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елін, жерін қадірлейтін азаматтық тұлғаны қалыптастыру,бүгінгі ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялату.

Оқырмандарға  Аманкелді батырдың өмірі мен күресі жайлы мұражай  қызметкері Досмағанбетов Жалғас дәріс оқыса,кітапхана қызметкері М. Әміржанова  «Азаттық үшін алысқан» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасап өтті.

Бұдан кейін  аудандық мәдениет үйінде  LD экран арқылы 1939 жылы «Ленфильм» киностудиясы түсірген  «Аманкелді» фильмінен үзінді көрсетілді.  Одан әрі саяхатшылар  аудандық мұражайға келіп, батырдың соғыс жүргізген жерлері, қолданған қару-жарақтары, ұстаханасы, т.б. экспонаттармен кеңірек танысып, көптеген мәліметтер алды.

Тарихымызда  Торғай көтерілісінің басшы-сардарбегі Амангелді Иманов өзінің тактикасымен, ерекшеліктерімен көзге түсті.Жалпақ еліміздің даңқын шығарған  батыр рухына  бүгінгі ұрпақ бас иеді. Өйткені ол елін өрге сүйреп, даңқын асырып кетті. Бүгінгі бақытты өмір мен нұрлы болашақ жолында толарсақтан саз кешіп қу толағай жастанған ерлер есімі ешқашан да ұмытылмақ емес.