Табиғат пен адам - егіз ұғым Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтатын тілі жоқ. Табиғат - тіршілік көзі. Табиғатты қорғау біздің парызымыз, оның әрбір әсері үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де табиғатты одан әрі әсерлендіреді. Әр жыл мезгілдері әр қилы. Төрт жыл мезгілі - төрт түрлі ғажайып күй сыйлайды. Табиғат бізге көп әсемдігін, таза суын, көк аспанын будақ бұлттарымен мөлдір суын береді. Таудан аққан өзен дауысы, жасыл шөптің сылдыры және әр нәрсеге, бізге әсемдік береді. Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдыңа елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Жақында Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Табиғат және біз» атты кітапханалық сабақ өтті. Мақсаты- оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру; туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру, табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу. Іс – шараға Амангелді орта мектебінің 6 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысып, табиғат туралы білімдерін толықтыра түсті.
Әміржанова М.Е.
Амангелді аудандық орталық
кітапхана қызметкері




























